KZNEWS.KZ
Саясат

Тоқаев Мәскеуге барды

• Айгерім Асылова
фото: ашық дереккөз

Мемлекет басшысы AI Journey 2026 халықаралық конференциясына қатысу үшін Мәскеу қаласына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды kznews.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Айта кетейік, бұған дейін 25-26 қараша күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеу қаласына жұмыс сапарымен баратыны хабарланды.

Сапар аясында мемлекеттер басшылары кездесу өткізіп, Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын одан әрі нығайту перспективасын талқылайды.

Суреттер: Ақорданың баспасөз қызметі

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті жасанды интеллект тақырыбына арналған AI Journey 2026 халықаралық конференциясына қатысады.

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →