Ақордада Астанаға ресми сапармен келген Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды kznews.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң Президент оркестрі екі елдің әнұрандарын орындады. Содан кейін президенттер келіссөз жүргізді.
Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы Иордания Королі II Абдалланы Al-Farabi орденімен марапаттаған еді. Қасым-Жомарт Тоқаев Король II Абдалланың елімізге сапарын Қазақстан мен Иорданияның стратегиялық серіктестігі тереңдей түскенінің айқын көрінісі деп атады.
Президенттің айтуынша, жоғары деңгейдегі қарқынды ықпалдастық ортақ басымдықтарды және екіжақты ынтымақтастықтың күн тәртібін ілгерілетуге қолайлы жағдай туғызады.