Той үстінде болған тосын жағдай әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Мейрамханада қонақтардың алдында өнер көрсетіп тұрған биші қызды белгісіз ер адам көптің көзінше қолынан тартып, залдан алып шыққан сәт видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды Kznews.kz.
Politico.kz-тің айтуынша, биші қыз сахнаға шығып биін бастағаннан кейін көп ұзамай әлгі ер адам кенеттен келіп, қолынан жұлқып, сыртқа шығарып жіберген. Оқиғаның барысын биші қыз әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған бейнежазбасы арқылы көрсетілген.
Кадрлардан бишінің өнерін бастап тұрғанын, ал біраз уақыт өткен соң ер адамның араласып, оны көпшілік алдында сыртқа қарай жетектеп алып кеткенін байқауға болады. Осы көрініс желі қолданушылары арасында резонанс тудырып, түрлі көзқарасқа жол ашты.
Пікір білдірушілер екіге бөлінді: бір тарап ер адамның әрекетін дөрекілік әрі заңсыз қадам деп сынаса, екінші тарап бишінің киімі мен орындаған биі тойдың форматына сай емес деген уәж айтты. Желіде «Тойда билейтін би емес», «Елдің бәрі кет деу керек еді», «Намыстанғаны ғой, қазақы ортаға жатпайды» деген пікірлер де жазылды.
Оқиға той мәдениеті, сахна әдебі және адамға қол сұқпау, жеке шекараны сақтау мәселесін қайтадан қоғам талқысына шығарды.
Той үстіндегі жанжал: ер адам бишіні көпшілік көзінше залдан қуып шықты