KZNEWS.KZ
Қоғам

«Той ғой» деген сылтау өтпеді: полиция кортеж жүргізушілерін жазалады

• Асқар Алтайұлы
Фото: видеодан скриншот

Ақтөбе облысында 90-жылдардағы қазақ тойын қайта жаңғыртқан кортеж полиция назарына ілікті. Әлеуметтік желіде тараған видеода ескі үлгідегі көліктер безендіріліп, той қонақтары сол кезеңнің атмосферасын көрсетуге тырысқан, деп хабарлайды kznews.kz.

Алайда полиция бейнежазбаны тексеру кезінде бірнеше жол ережесі бұзылғанын анықтады. Кейбір жолаушылар көлік салонынан тыс жерде отырған. Сондай-ақ жүргізушілер күндіз сыртқы жарық құралдары мен дыбыстық сигналдарды пайдалану талаптарын сақтамаған.

Тәртіп бұзғандардың барлығы анықталды. Олар Қарғалы ауданының тұрғындары болып шықты. Той кортежіне қатысқан азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Асқар Алтайұлы
Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.
Автордың басқа материалдары →