"Халық кеңесін" кім басқарады?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Тіристермен билеп фотоға түскен қос полицей неге жұмыстан шығарылды?

Тіристермен билеп фотоға түскен қос полицей неге жұмыстан шығарылды?

Бұған бұған дейін әлеуметтік желіде тараған видео себеп болған. Кадрларда шетелдік туристтің екі полиция қызметкерін қолына көтеріп алғаны көрінеді.

Қазақстан Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха туристік полиция қызметкерлерінің жұмыстан шығарылуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды kznews.kz.

Осыдан кейін тәртіптік комиссия әйелдердің әрекетін қызметтік әдеп талаптарына қайшы деп бағалап, оларды жұмыстан босату туралы шешім қабылдаған.

Игорь Лепеханың айтуынша, полиция қызметкерлері азаматтармен ашық қарым-қатынаста болуы керек. Алайда олардың кез келген әрекеті қызметтік талаптарға сәйкес келуі тиіс.

«Мүмкін, біз консервативті адамдар шығармыз. Бірақ полиция қызметкері өзін бұлай ұстауға болмайды деп есептейміз», – деді министрдің орынбасары.

Сонымен қатар ол полицияның «адамға жақын» болуы маңызды екенін атап өтті. Қызметкерлер азаматтардың қажеттілігін көріп, оларға дер кезінде жауап беруі керек.

«Ал егер біз сол жерде билеп, ән айтып жүретін болсақ, оның реті болмас еді», – деді Игорь Лепеха.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.