Белгілі тележүргізуші Дана Нұржігіт әлеуметтік желіде қуанышты жаңалығын жариялап, оқырмандарымен бөлісті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Журналист өз жазбасында жаңа кітабын баспаға тапсырғанын айтып, оның сәтті жарық көруі үшін көпшіліктен қолдау сұраған.
"Жасың құтты болсын, оқырманым! Отпан таудың басынан ұшқын алған жүрек-жалыны сөнбесін! Бар бастамаң жемісті болсын, жақсыларым! Мен де тәуекел етіп, кітабымды баспаға тапсырдым. Тағдыры сәтті болсын деп Аллаға тапсырдым! Тілеуімді тілеп қойыңыздар", – деп жазды ол.
Тележүргізушінің бұл жазбасы желіде кеңінен таралып, көпшіліктің назарын аударды. Оқырмандар мен жанкүйерлер жаңа кітаптың жарық көруін асыға күтетінін айтып, авторға сәттілік пен шығармашылық табыс тіледі.