«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Тілеухан Әбілдаев: Алматы қаласындағы ауруханаларда коронавирус жұқтырған 6 адам жатыр - Қазақстан жаңалықтары

Тілеухан Әбілдаев: Алматы қаласындағы ауруханаларда коронавирус жұқтырған 6 адам жатыр - Қазақстан жаңалықтары

Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Алматыда коронавирус жұқтырған 6 адамның жағдайы туралы айтып берді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Алматы қаласындағы ауруханаларда коронавирус жұқтырған 6 адам жатыр. Бұған дейін хабарланғандай, Германиядан келген үш пациент бар. Төртіншісі Мәскеу-Алматы рейсімен келді. Қазіргі уақытта төрт пациенттің жағдайы қанағаттанарлық. Екеуінің жағдайының ауырлығы орташа. Олардың бәрі бекітілген хаттамаға сәйкес ем алуда. Дер кезінде вирусқа қарсы және симптоматикалық терапия басталды», - деді Тілеухан Әбілдаев «Хабар 24» арнасынан берілген онлайн режімдегі баспасөз мәслихатында.

Айт кетейік, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 8-ге жеткенін хабарлаған еді.


stan.kz
Автор
Нұрсұлтан