Тоқаев келесі президент сайлауы қашан өтетінін айтты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Тікұшақ апатынан штат губернаторы қаза тапты

Тікұшақ апатынан штат губернаторы қаза тапты

Мексиканың Пуэбла штатының губернаторы  Марта Эрика Алонсо және оның күйеуі Рафаэль Морено Валье тікұшақ апатынан мерт болды.

Мексика орталығындағы Пуэбла штатының басшысы Марта Эрика Алонсо бұл лауазымды небәрі 10 күн атқарды. Ал оның күйеуі Рафаэль Морено сенатор болатын. Штат астанасының маңында олар мінген тікұшақ апатқа ұшырап, екеуі де жантәсілім еткен.

Ұлттық қозғалыс партиясынан сайланған Алонсо бұл лауазымына сайланарда біршама дау-дамай да болған. Оқыс оқиғаға байланысты Мексика президенті Андрес Мануэль Лопес Обрадор үкіметке оның себептерін анықтауды тапсырды.  

Дереккөз: ҚазАқпарат

Автор
Жандос