Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Мексикада штат губернаторы әуе апатынан қаза тапты

Мексикада штат губернаторы әуе апатынан қаза тапты

2018 жылғы 25 желтоқсан 08:02 201

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексиканың Пуэбла штатының губернаторы  Марта Эрика Алонсо және оның күйеуі Рафаэль Морено Валье тікұшақ апатынан мерт болды, деп хабарлайды Televisa арнасы.

Мексика орталығындағы Пуэбла штатының басшысы Марта Эрика Алонсо бұл лауазымды небәрі 10 күн атқарды. Ал оның күйеуі Рафаэль Морено сенатор болатын. Штат астанасының маңында олар мінген тікұшақ апатқа ұшырап, екеуі де жантәсілім еткен.

Ұлттық қозғалыс партиясынан сайланған Алонсо бұл лауазымына сайланарда біршама дау-дамай да болған.

Оқыс оқиғаға байланысты Мексика президенті Андрес Мануэль Лопес Обрадор үкіметке оның себептерін анықтауды тапсырды.

Фото: twitter.com/Ivan_stack

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz
Автор
Санжар