Қазақстанға тұңғыш рет мемлекеттік сапармен келген бельгиялықтар королі Филипп пен патшайым Матильданы ресми қарсы алу рәсімі өтті. Іс-шара Ақорда резиденциясында өтті, деп хабарлайды kznews.kz
Мәртебелі меймандардың құрметіне Әскери әуе күштерінің тікұшақтары Қазақстан мен Бельгияның мемлекеттік туларын желбіретіп, Ақорда алдынан ұшып өтті.
«Салтанатты рәсім барысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Король Филипп бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң Президенттік оркестр екі елдің әнұрандарын орындады», – делінген Ақорданың хабарламасында.