Жолы болмағандар! – Трамп АҚШ медиасын сынап тастады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

TikTok жарнамасынан өнім сатып алған алматылық ауруханадан бір-ақ шықты

TikTok жарнамасынан өнім сатып алған алматылық ауруханадан бір-ақ шықты
Фото: rg.ru

Алматы тұрғыны әлеуметтік желіде кеңінен жарнамаланған «қауіпсіз» өнімді қолданғаннан кейін ауыр аллергиялық реакцияға ұшырап, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды kznews.kz.

Сатушы тауарды «табиғи, тексерілген, зиянсыз» деп сипаттап, нәтиже болмаса ақшаны қайтаруға уәде берген. Осыған сенген азамат өнімге тапсырыс береді. Алайда қолданғаннан кейін оның жағдайы күрт нашарлаған: денесін бөртпе басып, беті мен тамағы ісіп, тыныс алуы қиындаған.

Жедел жәрдем шақырылып, ер адам ауруханаға жеткізілді. Емделіп шыққан соң ол ақшасын қайтармақ болғанымен, сатушы түрлі сылтаулар айтып, қосымша сараптама талап еткен. Бұл тексерулердің қымбатқа түсуі жағдайды одан әрі қиындатқан.

Соңында азамат Жетісу облысының сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгінген. Мамандар істі қарастырып, кәсіпкерге заң талаптарын түсіндіргеннен кейін сатушы тұтынушы талабын мойындады. Нәтижесінде алматылыққа толық көлемде – 90 мың теңге қайтарылды.

Мамандар бұл жағдай әлеуметтік желілердегі тексерілмеген өнімдер мен жалған жарнаманың қауіпті екенін көрсететінін атап өтуде. Денсаулыққа қатысты тауарларды сатып алғанда тек ресми дереккөздер мен сертификаттарға сену қажет екені ескертілді.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.