Талғар ауданының тұрғындары Тоқаевқа үндеу жолдады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстандықтарға қарбызды қашан сатып алған дұрыс? Вице-министр жауап берді

Қазақстандықтарға қарбызды қашан сатып алған дұрыс? Вице-министр жауап берді
Ашық дереккөз

Қазақстандықтарға қарбызды қашан тұтынған дұрыс? Бұл сұраққа Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Үкіметтегі брифингте жауап берді, деп хабарлайды kznews.kz.

Оның айтуынша, қарбыз нарыққа бірнеше кезеңмен шығады. Алғашында үлдірдің астында өсірілген ерте пісетін өнімдер сатылымға шықса, кейін орта және кеш пісетін қарбыздар жиналады. Сонымен қатар жыл бойы шетелден импортталған қарбыздар да саудада болады.

«Өндіріс тұрғысынан алғанда, қарбызды тұтынудың ең қауіпсіз кезеңі – шілденің соңы мен қыркүйек айының аралығы. Дәл осы уақытта қарбыздар тыңайтқыштар мен түрлі өсу стимуляторларын қолданбай, табиғи жолмен піседі. Сондықтан, әсіресе, балаларға әзірге қарбыз жеуге асықпауға кеңес беремін. Бұл – менің маман ретіндегі пікірім», – деді Азат Сұлтанов.

Вице-министрдің сөзінше, елімізге шетелден әкелінетін барлық жеміс-көкөніс өнімдері міндетті түрде фитосанитариялық бақылаудан өтеді. Оның барысында өнімдердің қауіпсіздігі, зиянкестер мен өсімдік ауруларының жоқтығы тексеріледі.

Ал өнім құрамындағы химиялық заттардың шамадан тыс қолданылуы мен олардың қалдық мөлшеріне бақылауды санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жүзеге асырады.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі