Рейтинг қуу заманы артта қалды: Әкімдер мен министрлерді бағалаудың жаңа жүйесі несімен тиімді?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

TikTok-та қазақ рулары ақша таратып жарысуда

TikTok-та қазақ рулары ақша таратып жарысуда

TikTok әлеуметтік желісінде рулар ақша таратып жарысып жатыр. Қай ру көбірек ақша жіберсе, сол ру тізімде бірінші орынға шығады. 

Осыған байланысты журналист Данияр Есен дабыл қағуда. Ол кей адамдардың осы әрекетіне қарап, Абай заманынан бері ештеңенің өзгермегенін айтады.

«Тик Токта рулар жарысы болып жатыр. Тікелей эфирде 200-дей надан отыр. Жәй отырған жоқ, руы үшін ақша лақтырып отыр. Каспийге ақша салсаң, руың алдыңғы орынға шығады.

Комплексі бар надандар мәз.

Мен мұндай қоғамда өмір сүргім келмейді. Балаларымның осындай надандармен бір елде тұрғанын қаламаймын. Қазақтар не боп барады? “Қазақ-мықты халық” деген сөз далбаса. Комплексіміз көп. Мына түрімізбен біз жойылып кетуіміз мүмкін», — деді ол.


фото: caravan.kz
Автор
Еркебұлан