Димаш Құдайберген мен Данэлия Төлешова қатысатын батл сайыстар CBS арнасында 20 ақпанда эфирге шығады
Желіде CBS телеарнасындағы The World"s Best америкалық дарындылар шоуының алдағы бөлімінің аңдатпасы жарияланды.
Кадрларда қазақстандық әншілер Димаш Құдайберген мен Данэлия Төлешова жобаның өзге қатысушыларымен батл сайысқа түсіп жатыр.
The World"s Best екінші бөлімі CBS америкалық арнасында Астана уақытымен 20 ақпанда сағат 8.00-де шығады.
Айта кетсек, бірінші турдың қорытындысы бойынша жас әнші Данэлия Төлешова 96 балл жинаса, Димаш Құдайбергеннің өнерін қазылар алқасы 98 ұпайға бағалаған.
sputniknews.kzАлдағы кезеңде Димаш Құдайбергеннің қарсыласы католиктік монахиня Кристина болады. Ал Данэлия Төлешова музыкалық батлда жалғыз қолы бар скрипкашы әйел Манами Итоға қарсы шықпақ.