Иран футболшылары АҚШ-қа «168» деген ерекше сыймен келді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Тез өлтірдім": Сәрсемәлиев өзінің енесін қалай өлтіргені туралы шындықты жайып салды

"Тез өлтірдім": Сәрсемәлиев өзінің енесін қалай өлтіргені туралы шындықты жайып салды
видеодан скриншот

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында бір отбасының төрт мүшесінің өліміне қатысты атышулы іс қаралып жатыр. Отырыста тергеу кезінде түсірілген бейнежазбалар көрсетіліп, айыпталушы Сұлтан Сәрсемәлиев оқиғаның қалай болғанын баяндады, деп хабарлайды kznews.kz.

Қылмыс 2025 жылдың қараша айының басында Қызылқоға ауданындағы Жангелдин ауылында болған. Айыпталушының айтуынша, ол бұған дейін жұбайының туыстарымен балалар тәрбиесі мен отбасылық мәселелерге байланысты жиі жанжалдасып жүрген.

Сәрсемәлиевтің сөзінше, 2 қарашаға қараған түні ол әйелі Ақбаян мен балаларын ертіп ауылға келген. Келесі күні таңертең қайын енесі Нәсіп Өтешқалиева балалардың ауылда қалуын, ал Ақбаянның күйеуімен бірге қалаға кетпеуін талап еткен. Кейін бұл әңгімеге қайын атасы Мақсот Қарабалин де араласқан.

Сотта айыпталушы сол сәтте бірнеше ой келгенін айтты. Оның сөзінше, үйден кету, өзіне қол жұмсау немесе жұбайының туыстарына қастандық жасау туралы ойлаған. Кейін өзіне қол жұмсаудан бас тартып, кісі өлтіруге бел буғанын жеткізді.

Тергеу кезінде түсірілген бейнежазбада Сәрсемәлиев асүйден пышақ алып, сарайға кіргенін айтқан. Оның сөзінше, артынша сарайға бауырсақ пісіріп жүрген енесі Нәсіп кірген. Сол кезде ол әйелге пышақпен шабуыл жасаған.

«Кідірген жоқпын, тез өлтірдім. Егер бір сәтке болса да тоқтасам, ештеңе жүзеге аспай қалар еді», – деді айыпталушы бейнежазбада.

Сәрсемәлиевтің айтуынша, көп ұзамай сарайға қайын атасы Мақсот кірген. Айыпталушы оған да шабуыл жасағанын мойындады.

Қылмыстан кейін ол үйге қайта кіріп, ештеңе болмағандай жүргенін айтты. Кейін ізін жасыру үшін қабырғадағы қан іздерін тазалағанын жеткізді.

Айыпталушы алғашында мәйіттерді басқа жерге апарып тастауды ойлағанын, бірақ біреулер байқап қояды деп қауіптенгенін айтты. Осыдан кейін денелерді сарай ішіне көмуге шешім қабылдаған. Оның сөзінше, шұңқырды түн ортасында қаза бастап, таңға дейін жұмыс істеген.

Келесі күні ол жерленген орынды жасыру үшін артық топырақты қаптарға салып шығарған. Кейін шұңқырдың үстін пленкамен, линолеуммен және кілеммен жауып, үстіне ескі диван қойған.

Сот барысында қылмыстан кейін Сәрсемәлиев марқұмдардың үйінен 60 мың теңге, екі сақина және құжаттарды алып кеткені де айтылды. Сонымен қатар оның банк қосымшаларының құпиясөздерін алдын ала білгені белгілі болды.

Осыдан кейін айыпталушы такси шақырып, жұбайы Ақбаянды, Мейрамгүлді және үш жасар баланы ертіп қалаға кеткен. Оларға Ақбаянның ата-анасы қалаға кетіп қалғанын айтқан.

Сәрсемәлиев сотта жұбайының туыстары тарапынан намысына тиетін сөздер жиі естігенін, мұның психологиялық жағдайына әсер еткенін мәлімдеді.

Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, Мақсот Қарабалиннің денесінен бірнеше пышақ жарақаты анықталған. Оның бірқатары өлімге себеп болған.

Қазіргі уақытта сот процесі жалғасып жатыр.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер