Атырауда бір отбасының төрт мүшесінің өліміне қатысты резонансты сот отырысы жалғасып жатыр. Кезекті сот процесінде айыпталушы Сұлтан Сәрсемәлиевтің тергеу барысында берген жауабы түсірілген бейнежазба қаралды, деп хабарлайды kznews.kz.
Сотта ұсынылған видеоматериал 2026 жылдың 9 наурызында түсірілгені айтылды. Онда Сәрсемәлиев бұрынғы қайын ағасы, марқұм Наурыз Мұқанғалиевпен арада болған жанжалға қатысты өз нұсқасын баяндаған.
Бейнежазбада айыпталушы Наурыз Мұқанғалиев туралы айтып, оның мінезі мен жеке өміріне қатысты пікір білдіреді. Сондай-ақ ол марқұмның отбасылық жағдайына да тоқталған.
"Наурыз бойдақ еді. Оның үстіне психикасы қалыпты емес. Ашулы. Сосын ғой үйленбей жүргені. Енді дұрыс адам болса, жасы 30-дан асты, үйленуі керек қой", – дейді Сәрсемәлиев видеода.
Аталған бейнежазба сотта айыпталушының оқиғаға қатысты берген түсінігін көрсету мақсатында ұсынылды. Онда Сәрсемәлиев Наурыз Мұқанғалиевпен арадағы жанжалдың неден басталғанын және кейін жағдайдың қалай өрбігенін айтып берген.
Еске салайық, Атырауда бір отбасының төрт мүшесінің өліміне қатысты іс қоғамда үлкен резонанс тудырған еді. Қазіргі уақытта сот процесі жалғасып жатыр.