Мемлекет басшысы референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Теміржол инфрақұрылымының тозу деңгейі жоғары — Олжас Бектенов

Теміржол инфрақұрылымының тозу деңгейі жоғары — Олжас Бектенов
Фото: Александр Павский/Kazinform

Қытай шекарасынан Каспийге дейін жүктерді жеткізу уақыты осы жылдың соңына қарай 84 сағаттан 55 сағатқа дейін қысқарады. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов мәлім етті, деп хабарлайды kznews.kz.

– Транзиттік әлеуеттің қарқынды дамуына кейбір қолайсыз факторлар әсер етіп отыр. Теміржол инфрақұрылымының тозу деңгейі жоғары болып тұр. Жүк пойыздарының жылдамдығы орта есеппен сағатына – 38 шақырым. Бұл ТМД елдеріне қарағанда жылдамырақ болғанымен, дамыған елдерден баяу, – деді О. Бектенов.

Сондықтан магистральдық теміржол желісін жаңғыртуға арналған кешенді бағдарламаны іске асыру барысы тұрақты бақылауда.

– Биыл жалпы ұзындығы 475 шақырым болатын екі теміржол желісінің құрылысын және 2 900 шақырым жолды жаңғырту жұмыстарын аяқтаймыз. Бұл транзиттік тасымал көлемін 60%-ға ұлғайтуға, ал транзиттік контейнерлік пойыздардың жылдамдығын сағатына 50 шақырымға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, Қытай шекарасынан Каспийге дейін жүктерді жеткізу уақыты осы жылдың соңына қарай 84 сағаттан 55 сағатқа дейін қысқарады, – деді Үкімет басшысы.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.