13 жастағы қызға интимдік ұсыныс жасаған: Ақтауда мектеп күзетшісі күдікке ілінді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Теміртауда пәтерден ерлі-зайыпты өлі табылды: олардың 20 жастағы ұлы ұсталды

Теміртауда пәтерден ерлі-зайыпты өлі табылды: олардың 20 жастағы ұлы ұсталды
ЖИ

7 қазанда Республика даңғылындағы пәтерлердің бірінен 52 жастағы ер адам мен 49 жастағы әйелдің денесі табылған.

Теміртауда пәтерлердің бірінен ерлі-зайыптының мәйіті табылды. Олардың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалып, марқұмдардың ұлы күдікті ретінде ұсталды, деп хабарлайды kznews.kz

Басылымның мәліметінше, 7 қазанда Республика даңғылындағы пәтерлердің бірінен 52 жастағы ер адам мен 49 жастағы әйелдің денесі табылған.

Қарағанды облысының полиция департаменті аталған дерек бойынша «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция марқұмдардың 20 жастағы ұлын анықтап, ұстаған. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты істің өзге мән-жайы жарияланған жоқ.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі