Тоқаев Alem.ai орталығын аралады: Astana Smart City, Tomorrow School және CryptoPay таныстырылды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Теміртауда балабақша тәрбиешісі балаға күш қолданған

Теміртауда балабақша тәрбиешісі балаға күш қолданған

Теміртау қаласындағы «Айгөлек» балабақшасында тәрбиешінің балаға күш көрсеткен сәті бейнебақылау камерасына түсіп, қоғамда үлкен резонанс тудырды, деп хабарлайды kznews.kz.

Оқиға туралы алғаш болып баланың анасы әлеуметтік желіде жариялаған. Оның айтуынша, балабақша балалар үшін қауіпсіз әрі қамқор орта болуы тиіс, ал мұндай әрекеттерге жол берілмеуі керек.

Қарағанды облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұл дерек әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында анықталған. Қазіргі уақытқа дейін ата-аналар тарапынан ресми арыз түспеген.

Тексеру нәтижесінде 36 жастағы тәрбиеші анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Аталған факті бойынша кәмелетке толмағанды тәрбиелеу міндетін тиісінше орындамау және оған қатыгездік көрсету бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайы жан-жақты тексеріліп жатыр.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.