Ресейдің бас консулдығы Қазақстан СІМ-ге не үшін нота жолдады?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

СҚО-да балабақша директоры мен екі тәрбиешісі қайғылы жағдайда қаза тапты

СҚО-да балабақша директоры мен екі тәрбиешісі қайғылы жағдайда қаза тапты
ашық дереккөз

Солтүстік Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апатынан балабақшаның үш қызметкері қаза тапты, деп хабарлайды kznews.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Бес машина соқтығысқан апатта жеңіл тұлпар екі жүк көлігінің ортасында жаншылып қалған.

Қайғылы оқиға Астана - Петропавл тасжолында болды. Кременчуг ауылының маңында қос «КамАЗ» бен үш жеңіл көлік бірінің артынан бірі келіп соғысады. Соққының қатты болғаны соншалық, Audi автокөлігінде отырған үш жолаушы оқиға орнында мерт болды. Марқұм болғандар —  Жамбыл ауданының мектепке дейінгі білім беру мекемесінің директоры мен екі тәрбиешісі.

Білім басқармасындағылар олардың сапарға жеке шаруасымен шыққанын айтып отыр. 20 жастағы жүргізуші мен 57 жастағы жолаушы ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Қазір дәрігерлер оларға ота жасап жатыр. Өзге көліктердің жүргізушілері аман-есен.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі