Қаржы саясаты мен несие "ноу-хауы": халық кедей, банктер бай...
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Теміртауда 48 жастағы әйел 13-ші сәбін дүниеге әкелді

Теміртауда 48 жастағы әйел 13-ші сәбін дүниеге әкелді
Фото: Видеодан скрин

Теміртау қаласының тұрғыны №1 Перинаталдық орталықтағы облыстық клиникалық ауруханада 13-ші баласын дүниеге әкелді, деп хабарлайды kznews.kz.

Көпбалалы ана 2 наурыз күні ұлды болды. Жаңа туған нәрестенің салмағы – 3650 грамм, бойы – 54 сантиметр. Босану табиғи жолмен және ешқандай асқынусыз өтті. Бұл сәбіи көпбалалы ананың тоғызыншы ұлы. Отбасының тұңғышы – 25 жаста.

Әйелдің айтуынша, өзі де көпбалалы отбасында өскендіктен, әулеттің үлкен болуы оған таңсық емес.

“Мен көпбалалы отбасында дүниеге келдім, сондықтан бұл мен үшін таңсық дүние емес. Жолдасым жалғыз бала болып өскен, бірақ уақыт өте келе үлкен отбасыға үйренді. Сәбиіміздің дүниеге келгеніне ерекше қуанып отырмыз. Баланың аман-есен дүниеге келуіне көмектескен дәрігерлерге алғысымды білдіремін”, – деді ол.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.