Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Теміртауда 20 жастағы жігіт интернет дүкенінде есірткі сатқан (видео)

Теміртауда 20 жастағы жігіт интернет дүкенінде есірткі сатқан (видео)

Қарағанды облысында интернет дүкені арқылы есірткі сатты деген күдікпен 20 жастағы жігіт ұсталды, деп хабарлайды kznews.kz.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Теміртау қаласында интернет арқылы есірткі заттарын таратты деген күдікпен жергілікті тұрғын ұсталды.Күдіктінің тінту кезінде күдіктіден екі ұялы телефон, 200 мың теңге көлемінде ақша және шамамен 2 грамм ұнтақ тәрізді зат салынған түйіншек тәркіленді.

“Тұрғылықты жерін тексеру барысында жалпы салмағы шамамен 100 граммдық ақшыл сары түсті ұнтақ зат салынған 51 түйіншек табылды. Тергеу барысында күдіктінің ұсталғанға дейін қала аумағында бірнеше есірткіні жасырып үлгергені анықталды. Сондай-ақ оның есірткі заттарын сатуға маманданған интернет-дүкеннің иесі болғаны дәлелденді”, – деп хабарлады полиция

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, заңсыз іс-шара төрт ай бойы жүргізіліп келген. Ал тыйым салынған заттар үшін төлем күдіктінің криптоәмиянына түскен.

“Қазір құқыққа қарсы әрекетке қатысы бар барлық адамдарды анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды”, – делінген Ішкі істер министрлігінің хабарламасында.

Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары