Жетісу облысының Текелі қаласында жол жөндеу жұмыстарына тартылған трактор 11 жастағы қызды қағып кетті. Ауыр жарақат алған бала оқиға орнында жан тапсырды, деп хабарлайды kznews.kz.
Аталған дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Тракторды басқарған жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазір құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Атап айтқанда, жол қозғалысы ережелері мен жөндеу жұмыстары кезінде сақталуы тиіс қауіпсіздік талаптарының орындалған-орындалмағаны тексеріледі.
Тергеу қорытындысы бойынша оқиғаға қатысты құқықтық баға беріледі.