Қазір бірінші-төртінші сыныптарда оқитын шамамен 1,4 миллион бала және әлеуметтік осал санаттағы тағы 230 мың оқушы тегін тамақпен қамтылған.
Мемлекет осы арқылы бастауыш сынып оқушылары мен әлеуметтік тұрғыдан осал отбасылардың балаларын тамақтандыру мәселесін шешуді көздеп отыр.
Сонымен бірге экологиялық тәрбиеге де басымдық берілмек. «Жасыл мектеп» жобасын қазіргі 85 мектептен 1000 мектепке дейін кеңейту жоспарланған. Жоба аясында оқушыларға қоршаған ортаны қорғау, көгалдандыру және табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану мәдениетін қалыптастыру көзделеді.
Яғни, мектептегі әлеуметтік қолдау енді тек тегін тамақпен шектелмей, балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру бағытымен де толықтырылады.