Дональд Трамп Қазақстанды керемет әрі бай ел деп атады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

«Тәуелсіздік дәуірі аяқталды»: Дугин посткеңестік елдерге қатысты қатқыл позиция айтты

«Тәуелсіздік дәуірі аяқталды»: Дугин посткеңестік елдерге қатысты қатқыл позиция айтты
Фото: Ашық дереккөзі

Ресейлік философ әрі идеолог Александр Дугин посткеңестік кеңістікте тәуелсіз мемлекеттердің дәуірі аяқталғанын айтып, Қазақстан мен бірқатар ел Мәскеудің ықпалына өтуі керек деген пікірін жария түрде айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Дугин эфирдегі сөзінде әлемдік тәртіп өзгеріп жатқанын атап өтіп, Ресей жаңа жағдайда негізгі күш орталықтарының біріне айналуы тиіс деген ұстанымын қайталады. Оның айтуынша, стратегиялық маңызы бар аумақтар Ресей бақылауынан тыс қалса, олар «бейтарап» болып тұрмайды, керісінше басқа геосаяси ойыншылардың ықпалындағы құралға айналуы мүмкін.

Ол өз мақсатын «үшполюсті әлемде ең маңызды күш орталығы болу» деп сипаттап, Ресей «егемен, еркін, тәуелсіз әрі ауқымды мемлекетке» айналуы керек деді. Сонымен бірге «бақылауға алынбаған аумақтардың бәрі бірдей сыртқы ықпалдан қорғалып қала алмайды» деген уәж келтірді.

Дугин ең даулы тұсында тәуелсіз мемлекет ретінде өмір сүруіне «жол беруге болмайтын» елдердің тізімін атап өтті. Бұл қатарда Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Армения, Грузия және Әзербайжан бар. Ол мұны ашық түрде «Егемен Арменияның, егемен Грузияның, егемен Әзербайжанның, егемен Қазақстанның… болуымен келісуге болмайды» деген тіркеспен жеткізді.

Философ ұсынған модельде аталған елдер не Ресей бақылауындағы бірыңғай одаққа кіріп, бір орталыққа бағынуы керек, не Батыс, Еуропалық одақ, АҚШ немесе Қытай секілді өзге күштердің ықпал алаңына түседі деген ой айтады. Яғни, оның түсінігінде «тәуелсіздік» ұзақмерзімді мүмкіндік емес, үлкен ойыншылар арасындағы бәсекеде уақытша күй ретінде көрінеді.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер