Шымкенттегі қанды жан-жалға күдіктілердің бір тобы ұсталды: қалғандарын іздестіру жалғасуда (видео)
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Тәуелсіз ел экономикасы төл теңгемізден бастау алды

Тәуелсіз ел экономикасы төл теңгемізден бастау алды

2018 жылғы 15 қараша 10:38 3

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Қазақстандық қаржыгерлердің VIII конгресі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жиында ҚР Ұлттық банкінің төрағасыы Данияр Ақышев, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ерболат Досаев, қазақстандық екінші деңгейлі банктердің, сондай-ақ шетелдік орталық банктердің басшылары қатысып жатыр.

«Бүгін ұлттық валютамыз теңгенің айналымға шыққанына 25 жыл толып отыр. Төл теңгеміз өз ақша несие-саясатын жүргізіп, ұлттық қаржылық жүйемізді құруға мүмкіндік берді. Қазіргі тұрақты дүниелердің барлығы кезінде арман мен қиял сияқты еді. Ақырындап Қазақстанның толық қаржылық жүйесі қалыптасты. Бізге оңай болған жоқ, дамудың бірқатар кезеңінен өттік. Экономикалық серпілістердің арты дағдарыс жылдарына ұласты. Бізге бұның барлығы тәжірибе, білім болды», - деді бас банкир Данияр Ақышев.

Бүгін панельді жиындарда орталық банктердің алдында тұрған заманауи сын-қатерлер туралы айтылады.

Автор
Жандос

Журналист