Жаңалықтар

"Ташкенттен Куала Лумпурге ұшып кеткен": Атырауда жоғалып кеткен отбасы жайлы сұмдық дерек шықты (ВИДЕО)

Қайсар Қанат Қайсар Қанат
"Ташкенттен Куала Лумпурге ұшып кеткен": Атырауда жоғалып кеткен отбасы жайлы сұмдық дерек шықты (ВИДЕО)
alashorda.kz

Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылынан бір отбасының жұмбақ жағдайда жоғалуына байланысты іс жаңа мәліметтермен толықты. Бұл деректер қоғамда бұрынғыдан да көп сауал туғызуда, деп хабарлайды kznews.kz.

Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сүйенсек, өзін атыраулық «хакер» деп таныстырған белгісіз азамат жоғалып кеткен отбасының ұлы Наурызға тиесілі SIM-карталардың әлі де ара-тұра қолданылып жатқанын мәлімдеген. Оның айтуынша, аталған нөмірлердің геолокациясы Өзбекстан аумағында тіркеліп отырған. Сондай-ақ бұл нөмірлер арқылы WhatsApp мессенджеріне күніне бірнеше рет кіру әрекеттері байқалған.

Туыстарының сөзінше, қараша және желтоқсан айларындағы зейнетақы төлемдерін де белгісіз біреулер шешіп алған. Бұдан бөлек, WhatsApp арқылы отбасының үй жануарлары сатылғаны жөнінде ақпарат тараған. Бұған дейін хат-хабар алмасулардың отбасының ұлының атынан жүргізілгені хабарланған еді.

Алайда аталған «хакердің» айтуынша, мемлекеттік органдардың ресми деректерінде жоғалып кеткен отбасы мүшелерінің ешқайсысы Қазақстан шекарасын кесіп өткені туралы белгі жоқ. Соған қарамастан, ол Түркістан облысында Өзбекстанға өтетін бейресми шекара жолдары бар екенін, сол бағыттар арқылы белгісіз адамдардың өтуі мүмкін екенін алға тартады.

Ақпарат таратқан азамат мемлекеттік жүйелерді бұзбағанын, тек ашық дереккөздерге, SIM-карталарға жасалған талдауларға және байланыс операторларынан алынған мәліметтерге сүйенгенін айтады. Сондай-ақ оның күдік тудырып отырған бір адамы бар екенін де атап өткен.

«Мен ешқандай жүйені бұзған жоқпын. Тек ашық ақпарат пен техникалық деректерді сараладым. Бақылауымша, SIM-карталар қолданыста жүр, бұл өздігінен күмән туғызады», – деп жазды ол.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz