Ташкентте Crafers кондитерлік фабрикасының жұмысшылары Конституция және Өзбекстан тарихынан сынақ тапсырды. Емтиханнан өтпегендері енді жұмыстан шығарылуы мүмкін деп жазады Centralasian.org.
Фото: Centralasian.org
Сынақ барысында әрбір жұмысшыға 15 сұрақтан қойылған, олардың көбі Конституцияға, Өзбекстан әнұраны мен туына қатысты болыпты.
"Әнұранды жатқа айтуымды сұрады. Қарапайым жұмысшыларды осындай сынақтан өткізе ме?" - дейді зауыт қызметкері.
Емтихан тапсырған 700 жұмысшының жартысын қысқартады екен. Яғни, сынақтан өткендері қалады, өте алмағандары жұмыстан шығарылады.
"Енді кондитер болу үшін тарих факультетінде оқу керек", - дейді бұған наразы болған бір қызметкер.
Фабрика өкілдері жұмысшыларды сынақтан өткізгенін растады, бірақ пікір білдіруден бас тартты.
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Дереккөз: kaz.nur.kz