KZNews.kz
Шоу-бизнес

"Тарихи күн": Қазақстанның халық әртісі атанған Әлішер Каримов мәлімдеме жасады

Torgyn Abushakhman

"Халық әртісі" атағын иелеген әнші Әлішер Кәрімов әлеуметтік желіде жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Құрметті ағайын! Бүгін – мен үшін тарихи күн. Маған “Қазақстанның Халық әртісі” атағы берілді. Осы жоғары марапатты Президентіміздің қолынан алу – үлкен мәртебе. Бұл марапат мені қолдаған тыңдармандарым мен барша жанкүйерлерімнің арқасы деп білемін. Сіздерге шын жүректен алғыс айтамын!", – деп жазды ол.

Айта кетейік, кеше Ақордада Мемлекет басшысы бірнеше адамға марапат табыстады.

Өнер иелерінен Әлішер Каримов пен дәстүрлі әнші Қосанова Айгүл “Халық әртісі” атығын иеленген еді.

Torgyn Abushakhman
Автордың басқа материалдары