Сыртқы сауда айналымы: шикізат пен мұнайға тәуелділік азайған жоқ
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Бұл оның соңғы видеосы”: Сәкен Майғазиев жылап тұрып анасын еске алды

“Бұл оның соңғы видеосы”: Сәкен Майғазиев жылап тұрып анасын еске алды
Фото: әлеуметтік желіден

Әншінің анасы бірнеше күн бұрын дүниеден өтіп, 14 қазанда жер қойнына тапсырылған.

«МузАрт» тобының әншісі Сәкен Майғазиев марқұм анасының жаназасында сөз сөйлеп, оның өмірінің соңғы кезеңі туралы естелігін бөлісті, деп хабарлайды kznews.kz.

Жаназа кезінде Сәкен Майғазиев анасының жағдайы соңғы уақытта бірде жақсарып, бірде нашарлағанын айтты. Оның сөзінше, анасы кейде балаларын таныса, кейде танымаған. Сондай-ақ тамақ ішуден де қалған кездері болған.

«Анам баршаңызға ақ тілегін жаудырып еді. Бұл оның соңғы видеосы еді. Сәл қолымыз қалт етсе, уақытымыз бола қалса, бірден ауылға баратын едік», – деді әнші көзіне жас алып.

Сондай-ақ ол әлеуметтік желідегі достары мен оқырмандары анасының сауығып кетуін тілеп, жағдайын жиі сұрап отырғанын еске алды. Жақындарының анасына алаңдап, қолдау білдіргені әншіге ерекше әсер еткен.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.