Серік Сәпиев орынбасарымен болған жанжалдың нақты себебін ашып айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Тарифтерді төмендету: Алматыда газ бен су 10% арзандайды 

Тарифтерді төмендету: Алматыда газ бен су 10% арзандайды 

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек мәлімдеді.

«Бүгінгі күннің өзінде 100 аса кәсіпорын Мемлекет басшысының жалақыны көтеру туралы бастамасын қолдады. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасып жатыр. Жаңа жылдан бастап бюджеттік мекемелердегі 25 мың жұмысшы мен жекеменшік мекемелердегі 19 мыңнан астам жұмысшының жалақысы өседі», - деді Байбек.

Ол «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы прокуратурамен бірлесіп жүргізген тексеру нәтижесінде монополистер алматылық тұтынушыларға 4,5 млрд теңгені өндіріп беретін болды.

«Жалпы, үш жыл ішінде тарифтерді тұрақтандыру мақсатында қала 6 млрд теңгені субсидиялап, тарифтерге ауыртпалық түсірместен, бюджет есебінен 800 км астам желіге жөндеу жүргізілді. Олай болмағанда, алматылықтар жылу үшін 35%, кәріз үшін 1,6 есе, су үшін 2,5 есе қымбат тариф бойынша ақша төлейтін еді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап газ, су, кәріз тарифтері 10%, лифт қызметі тарифі 7%, жылумен жабдықтау тарифі 6% арзандайды», - деді Байбек.

Бұған дейін қала басшысы «7-20-25» аясында Алматыда қанша пәтер несиесі мақұлданғаны туралы айтқан болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Дереккөз: BAQ.KZ
Автор
Санжар