Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Тараздық полицей аса қауіпті қылмыскерді ұстау кезінде алған ауыр жарақатынан қайтыс болды

Тараздық полицей аса қауіпті қылмыскерді ұстау кезінде алған ауыр жарақатынан қайтыс болды

Тараз қалалық ІІБ жол-патрульдеу полициясы батальонының полицейі, сержант Бекжан Тіленшиев 32 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Тәртіп сақшысы 5 жыл бұрын қауіпті қылмыскерді ұстау кезінде ауыр жарақат алған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бекжан Тіленшиев 1989 жылы 22 қазанда Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Шақпақ-ата ауылында дүниеге келген.

2010 жылы "Алматы Мемлекеттік бизнес колледжін" аяқтаған соң, Қазақстан қарулы күштерінің қатарына шақырылған. Ал 2013 жылдан бастап құқық қорғау органдарында қызмет ете бастаған.

2016 жылы 19 маусым күні ол мойны мен кеудесіне оқ тиіп, ауыр жарақат алған. Бұл жайт қаруланған аса қауіпті қылмыскерді ұстау кезінде болған.

2016 жылдың 5 желтоқсанында Қазақстан президентінің жарлығымен Бекжан Тіленшиев "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды. 2017 жылдың сәуір айында ол денсаулығына байланысты ішкі істер органдарынан шығарылды. Бекжан Тіленшиев ұзақ уақыт бойы елімізде және шетелде емделген.

Алайда бұған қарамастан оның денсаулығы жақсармаған. Осы жылдың 5 шілдесінде Бекжан Тіленшиев өмірден өтті. Әріптесінің қазасына байланысты Жамбыл облысы полиция департаментінің жеке құрамы мен басшылығы, сондай-ақ Ардагерлер кеңесі оның отбасына көңіл айтты.

Автор
Айбар