Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Таразда жоғалып кеткен жасөспірімдер он күннен бері іздестірілуде

Таразда жоғалып кеткен жасөспірімдер он күннен бері іздестірілуде

Таразда жоғалып кеткен жасөспірімдер он күннен бері іздестірілуде. 17 жастағы Владимир Сергеев пен 15 жастағы Виктория Мазуренко бірге жоғалып кеткен.

Полиция қызметкерлерінен басқа кәмелетке толмағандарды іздеуге 20-ға жуық еріктілер қосылды. Олар тастанды ғимараттар мен қала маңындағы аудандардың барлығын қарап шыққан. Алайда нәтиже болмады. Бұл туралы 24.kz жазды.

"Кәмелетке толмағандар іздеу салынған адамдардың тізіміне алынды. Олардың үйден кетуіне ата-аналарының бір-бірімен кездесуге тыйым салуы себеп болғандығы анықталды", - дейді Жамбыл облысы полиция бөлімінің жедел уәкілі Кибар Искандаров.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, Жамбыл облысы полиция бөлімінің жеке құрамы кәмелетке толмағандарды іздеуге бағытталған. Іздеу шаралары полиция бөлімі басшылығының бақылауында.

Автор
Еркебұлан