Reuters: Иранның Жоғарғы басшысы Әли Хаменей қаза тапты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

АҚШ пен Израиль соққысынан 85 мектеп оқушысы қаза тапты

АҚШ пен Израиль соққысынан 85 мектеп оқушысы қаза тапты
Фото: Азаттық радиосы

IRNA агенттігінің хабарлауынша, АҚШ пен Израиль тарапынан жасалған зымыран соққысы салдарынан Иранның Минаб қаласында 85 мектеп оқушысы қыз қаза тапқан, деп хабарлайды kznews.kz.

Зымыран Минабтағы қыздарға арналған бастауыш мектеп ғимаратына түскен. Иранның Білім министрлігі өкілінің айтуынша, тағы 92 адам түрлі деңгейде жарақат алған.

Әли Фархади қираған нысанда құтқару жұмыстары әлі де жалғасып жатқанын, үйінділерді аршу және зардап шеккендерді іздеу шаралары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арагчи шабуылдың сабақ уақытында, күндіз жасалғанын айтты.

Қызыл Жарты ай ұйымының дерегіне сәйкес, 28 ақпандағы соққылар нәтижесінде Иран бойынша жалпы 201 адам қаза тауып, 747 адам жараланған. Шабуылдар елдің 24 провинциясын қамтыған.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.