Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
Тақырыбы: Көмектес септік 4-сынып
Автор: Оспанбаева Баян Омиргалиевна
Бағыты: Бастауыш сынып Бөлімі: Ашық сабақ Сыныбы: 4 сынып
Жарияланған уақыты: 2019-01-21
Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сыныптарда сабақ беретін әріптестерге көмек ретінде ұсынамын. 4-сынып ескі бағдарламамен оқысақ та сабақ жоспары жаңа форматта жазылған. Оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері, оқу үшін бағалаудың түрлері, топтық, жұптық, ұжымдық жұмыс түрлері ұйымдастырылады. Көрнекілігі де ұсынылып отыр.
| Күні: 22.01.2019Сынып: 4 | Қатысқандар саны:Қатыспағандар саны: | |
| Сабақтың тақырыбы | Көмектес септік | |
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 1. Өтілген септік жалғауларын, сұрақтарын пысықтау. Көмектес септігінің сұрақтарымен, жалғауларымен таныстыру. | |
| Сабақтың мақсаттары | Барлығы: Берілген сөздерді септей алады.Көбі: Сөйлемнен септік жалғауларын таба алады.Кейбірі: Берілген сөздерді сөз құрамына талдай алады. | |
| Жетістік критерийлері | Сөйлем ішінен көп мағыналы сөздерді анықтап, мағынасына қарай қолдана алады. | |
| Құндылықтарды дарыту | Оқушыларды ынтымақшылдыққа, ауызбірлікке, тыйым сөздердің мәнін түсінуге баулу. | |
| Пәнаралық байланыс | Дүниетану, әдебиеттік оқу, бейнелеу | |
| АКТ қолдану дағдылары | - | |
| Тілдік құзыреттілік | Септік сұрақтары, жалғаулары | |
| Сабақ барысы | ||
| Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
| Сабақтың басы | Бір, екі, үшСынып іші тып-тыныш.Жалқаулықты тастаймыз, Сабақты біз бастаймыз. | |
| Сабақтың ортасы | Қызығушылықты оятуОйын «Хатшы»Берілген сөздерге қай септік жалғауы жалғанған, сол үйге орналастыру. Ілік Табыс Шығыс АтауБарысЖатысХатта жазылған сөздер: Мағынаны тануҮйлерге таратылмай қалған сөздерді оқып шығып, сұрақ қою. - Қай септіктің жалғауы? «ОЙ ТҮЙІН» көмектес септігінде тұрған сөздерге кіммен? немен? кімдермен? нелермен? Сұрақтары қойылады. Көмектес септіктің жалғаулары: -мен, -бен, -пен. Жаңа сабақ1-жаттығу. Дәптерге орындалады. Сөйлемдерді көшіріп жазып, қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын ажырату. Бағалау: «Жұлдыз беру» әдісі2-жаттығу. Танымдық тапсырма: Ауызша талданады. Жұмбақты оқып, шешуін табу. Көмектес септіктегі сөздерге сұрақ қою. Бағалау: «От шашу»Сергіту сәті 4-жаттығу. Жұптық жұмыс. Жазбаша орындалады. Тиісті қосымшаларды жалғап, сөйлемдерді оқу. Бағалау: «Бас бармақ» 5-жаттығу. Топтық жұмыс. Суретте бейнеленген зат атауларына жалғау жалғап, әр сөзбен байланыстырып жазу. Қай септік жалғауы жалғанып тұрғандығын анықтау. Бағалау: «Түстер арқылы» 6-жаттығу. Өзіндік жұмыс. Жазбаша орындалады. Тиісті қосымшаларды қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу. Тыйым сөздерді есте сақтау. Сабақты қорыту. «Көңілді қалпақ» ойыны- Неше септік бар?- Қай септік қосымшасыз жазылады?- -ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің қосымшалары қай септіктің жалғауы?- кімді? нені? сұрақтары қай септіктің жалғауы?- тауға, қоғамға, мектепке сөздеріне қай септік жалғауы жалғанып тұр?- Жатыс септігінің сұрақтары?- Шығыс септікте тұрған сөздерге мысалдар келтір. | Үлестірме қағаз Көмектес Ереже дәптер Жұмыс дәптері Суреттер Қалпақ |
| Сабақтың соңы | Үйге тапсырма16-бет 3-жаттығу.Кері байланыс: - Не білдім?- Не қиын болды?- Мен үшін қызық тапсырма ...Бағалау: «Көршінің бағасы» стратегиясы /кері байланыс бере отырып, сабақтағы белсенділіктерін, білімдерін бағалау/ | Күнделік |
| Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады | Пәнаралық байланыс |
| Рефлексия |
Материалды сайттан тегін жүктеу
Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.