Халықтың 5 пайызы кедей: өңірлердің әлеуметтік әлеуеті әлсіреді ме?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова денсаулығы жайлы айтты

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова денсаулығы жайлы айтты
ozgeris.info коллажы

Продюсер Гүлзира Айдарбекова отадан кейін әлеуметтік желіде жағдайын бөлісіп, көпшілікке алғыс айтты. Бұл туралы Ozgeris.info хабарлады.

Өнер иесі ота алдында қорқыныш болғанын жасырмай, бұрынғы оқиғалардың әсері болғанын атап өтті. Соған қарамастан, барлығы сәтті өткеніне шүкіршілік білдірді.

"Иә, елдер түк емес дейді, біраз жылдап бұрын, бір абысыным наркоздан қайта оянбап еді, сонан кейін Алматыда тағы бір абысынымыздың өттегі тасын лазермен алғанда, қиығы қалып қойып іріңдеп өмірден өткен, содан кейін ғой қорқынышпен жүргенім. 99 пайызының отасы сәтті шыққанымен, бірі дұрыс болмай жатады. Аллаға сансыз шүкірлер, сәтті өтті! Әуелі Алланың қалауы, екінші сіздердің дұғаларыңыз міндетті түрде Алланың құлағына шалынды. Рақмет жандарым сол!" – деп жазды ол.

Сондай-ақ продюсер наркоздан кейінгі жағдайын да айтып, дәрігерлердің операция сәтті өткенін жеткізгенін айтты. Оның сөзінше, өтіндегі тас толық алынған, қазіргі таңда әлсіздік болғанымен, жағдайы біртіндеп жақсарып келеді.

"Наркоздың күші жаймен тарап жатыр, көзім жұмылып, ұйқыға кетіп, бір оянып жатырмын. Кейінірек толықтырып жазамын, қазір әлсіздік. Бірақ өте сәтті болды. Врач айтқандай өтім қалды, тас алынды. Единственный осы врач өтті қалдырып ота жасайтын. Бәріңізді құшақтап, сүйдім!" – деді Гүлзира Айдарбекова.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер