Инфляция индексі: үйдегі есепті базардағы баға бұзар...
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Танымал блогер Камила Әділхан жүре алмай қалғанын мәлімдеді

Танымал блогер Камила Әділхан жүре алмай қалғанын мәлімдеді

«Қалаулым» жобасы арқылы көпшілікке танылған блогер Камила Әділхан денсаулығының сыр бергенін мәлімдеді. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды kznews.kz.

Блогердің айтуынша, ол соңғы үш күн бойы жүре алмай қалған.

«3 күннен бері жүре алмай жатырмын. Отбасымызбен аяқасты үлкен сынаққа тап болдық. Мұндай жағдай 4 жыл бұрын да болған, ол кезде Қазақстанда, Ыстық Ұяда тұрғанмын. Қытай атаға барып емделген едік, бірақ әзірге жақсарған жоқ. Бүгін үшінші күн. Грыжа жоқ. Белім қатты ауырады, қозғалғанда ауырсыну басыма бір-ақ шығады. Отыра алмаймын, бір қалыпта ұзақ жата да алмаймын. Ұзақ жүру туралы тіпті айтпай-ақ қояйын», – деп жазды ол.

Камиланың сөзінше, қазіргі ем-дом тек жату режимі, пластырь қолдану және екінші рет қытай емшісіне барумен шектеліп отыр.

«Егер жағдайым жақсарса, не көмектескенін міндетті түрде бөлісемін. Сіздер де өз тәжірибелеріңізбен бөліссеңіздер екен. Дұға етіп қойыңыздаршы, қыздар. Қайта жүріп, желіге қашан шығатыным бір Аллаға ғана мәлім…», – деді блогер.

Желі қолданушылары блогерге қолдау білдіріп, тезірек сауығып кетуін тілеп, жылы лебіздерін қалдыруда.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.