Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

«Танымал бапкердің ұлы»: Шымкенттегі қанды төбелесте қаза тапқан азаматтың кім екені белгілі болды

«Танымал бапкердің ұлы»: Шымкенттегі қанды төбелесте қаза тапқан азаматтың кім екені белгілі болды
Фото: Бейнежазбадан кескін

Шымкентте жол үстіндегі ұсақ жанжал бір сәтте жаппай төбелеске айналып, соңы адам өлімімен аяқталды. Қайтыс болған азаматтың танымал күрес жаттықтырушысының ұлы екені айтылып жатыр, деп хабарлайды Sn.kz.

Қайғылы оқиға Ерімбетов пен Рысқұлов көшелерінің қиылысында болған. Алдын ала мәліметке қарағанда, бағдаршамның жасыл түсін күтіп тұрған Hyundai Sonata көлігінің артқы бамперіне Toyota Camry жеңіл соққы жасаған. Сол сәттен кейін жағдай күрт ушығып кеткен.

Toyota көлігінен үш ер адам түсіп, жүргізушілер арасында сөзге келу басталған. Көп ұзамай оқиға орнына Lexus LX-570 келіп тоқтап, ішінен шыққан төрт ер адам Hyundai жүргізушісі Нұрмахан Ешанқұловқа және қасында болған жолаушылар Мақсат Көшкенбаев пен Василий Колесниковке шабуыл жасағаны айтылады. Жанжалдың төбелеске ұласуына санаулы минут жеткілікті болған.

Төбелес кезінде Мақсат Көшкенбаев мойнынан пышақ жарақатын алып, №1 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген. Нұрмахан Ешанқұловтың соққыға жығылғаны айтылғанымен, ауыр жарақат алмағаны көрсетіледі. Ал Василий Колесниковты белгісіз адамдар күшпен Toyota Camry көлігіне отырғызып, оқиға орнынан алып кеткені жөнінде ақпарат тараған.

Оқиғаға ондаған жүргізуші куә болғанымен, ешкім араша түспегені де назар аудартты. Куәгерлердің бір бөлігі төбелесті тоқтатуға ұмтылмай, тек видеоға түсірумен шектелгені айтылады. Кейін полиция екі көлікті де тапқан, алайда күдіктілер көліктерді тастап кеткені анықталған.

Бейнебақылау камералары арқылы Колесниковтың кейін ВАЗ-2114 көлігіне отырғызылып, Түркістан облысы Ордабасы ауданы бағытына кеткені белгілі болған. Дегенмен сол сәтте күдіктілердің қолға түспегені айтылып отыр. Іздестіру шаралары күшейтілгенімен, оқиға орнындағы алғашқы минуттарда шешуші әрекет болмағаны көптің көкейінде сұрақ қалдырды.

Шамамен екі сағаттан соң Ордабасы ауданының Темирлановка ауылында, орталық аудандық аурухана маңынан Василий Колесниковтың денесі ауыр жарақаттармен табылған. Осы деректен кейін ғана төбелестің салдары қаншалықты ауыр екені анық сезілгендей. Қазір бұл жағдайдың мән-жайын анықтау жұмыстары жүріп жатыр.

Марқұмның танымал күрес жаттықтырушысы Александр Колесниковтың ұлы екені белгілі болған. Жергілікті тұрғындар оның қайғылы оқиғадан бір күн бұрын марқұм болған әйелінің жылын өткізгенін айтады. Бұл деталь жұрттың жанын одан әрі ауыртып, әлеуметтік желіде түрлі пікірдің өршуіне себеп болған.

Сонымен қатар жәбірленуші Мақсат Көшкенбаевтың да қаза тапқаны туралы ақпарат тарады. Алайда бұл мәлімет әзірге ресми түрде расталмағаны атап өтіледі. Полиция дерегінше, оқиғаға қатысы бар бес күдіктіге іздеу жарияланған.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер