Усть-Лугадағы жаппай төбелес: үш қазақстандық тергеуде қалып отыр
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов жаңа қызметке кірісті

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов жаңа қызметке кірісті

Бұл жаңалықты әзілкештің өзі Instagram парақшасында бөлісті.

«Құрметті достар, жағымды жаңалығымды бөлісейін. Өмірімнің өрнегі - шығармашылық жолымның жаңа белесіне қадам басқалы отырмын. 1 қарашадан бастап Қазақстанның ақпарат айдынында орны бөлек 31- арнаның ойын-сауық бағдарламарының продюсері қызметіне кірісемін.

Жуырда ғана арна басшылығы ауысып, Құрманбек Жұмағали бастаған заманауи көзқарасы бар медиаменеджерлердің жаңа толқыны келді. Қазір ұжымның қолға алып отырған жоба-жоспарлары менің де көңілімнен шықты. Бұл ауқымды тележобаларды іске асыруға үлес қосуға шақыру түскенде көп ойланбастан қабыл алдым», - деп жазды ол.

Ол өз сөзінде ауқымды теле-жобаларды іске асыру үшін үлес қосуға шақыру түскенде көп ойланбастан қабыл алғанын айтты.

«Патша көңілді көрермен көңілінен шығамыз деп ойлаймын. Ендеше, 31 арна назарда болсын!» – деп жазды шоумен.

Автор
Данияр