«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

танымал актердің әйелі ыңғайсыз жағдайға қалды

танымал актердің әйелі ыңғайсыз жағдайға қалды

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Желідегі ақпараттан соң белгілі актердің адвокаттары әйеліне қарсы арыз түсірген. Ол сотта қаралатын болады

НҰР-СҰЛТАН, 3 ақпан – Sputnik. Голливуд жұлдыздары ресми түрде 2017 жылы ажырасқан. Осымен бірнеше жыл қатарынан Джонни Депптің әйелі Эмбер Херд күйеуі өзіне қол көтергенін айтып отыр. Алайда актер мұны жоққа шығаруға тырысуда.

33 жастағы Эмбер Херд соттың елу алтыдағы күйеуінің өзіне жақындауына тыйым салуын сұрады. Сот бұл арызды қанағаттандырды. Бұдан соң актер де сотқа барып, бұрынғы әйеліне шағымданды. Өзіне жала жапқаны үшін әртіс 50 миллион доллар талап етіп отыр. Оның айтуынша, бірде-бір рет әйеліне қол көтеріп көрмеген, деп хабарлайды Star Hit.

Желіде актерлердің әңгімесінің жазбасы жарияланып кеткен болатын. Ол жерде актриса күйеуінің соққысы әлсіз болғанын айтқан. Керісінше, күйеуіне өзі қол көтергенін жасырмады. Ол ашуға ерік берген кезде ақыл-есінен айырыла жаздайтынын да жасырмаған.

Тағы оқыңыз: "13 жыл бойы кездесіп жүрген": танымал актер мен әнші отау құрды - фото

Бұл жазбадан соң Депптің адвокаттары зорлық-зомбылық көрсеткен адам актер емес, әйелі екенін алға тартты.


sputniknews.kz
Автор
Әлихан