KZNews.kz
Жаңалықтар

"Таңғы төртте үйден кетіп қалдым": Ырысбала Икрамбай ел күтпеген жаңалығын айтты (ВИДЕО)

Қайсар Қанат
ашық дереккөзден

Танымал блогер Ырысбала Икрамбай бесінші рет ана атанды. Ол босану сәтін және перзентханаға қалай барғанын әлеуметтік желідегі парақшасында егжей-тегжейлі баяндады, деп хабарлайды ozgeris.info.

Блогердің айтуынша, толғақ түн ортасында басталған.

«Түнгі сағат екілер шамасында ішім ауыра бастады. Тамақтанып алдым. Толғақтың арасы 10 минут болды, басылар деп ойладым. Бірақ күшейе түсті. Жуынып, заттарымды жинап, уақытқа қарасам таңғы төрт болып қалыпты», – деп жазды ол.

Ырысбала үйдегілерді мазаламауды жөн көріп, перзентханаға өзі аттанған.

«Үйде көлігі бар адамдарды оятсам, ешқайсы тұрмады. Содан такси шақырып, перзентханаға өзім келдім. Алдын ала клиникаға хабар бердім. Күзетші ағай күтіп алып, палатаға апарды. Дәрігер қарап, “түске дейін босанасыз” деді. Бірақ мен бесінші балам, былтыр ғана босанғанмын, тез туады деп өз дәрігерімді шақыруды өтіндім», – дейді блогер.

Кейін келісілген дәрігері келіп, толғақты жеңілдетудің жолдарын ұсынған.

«Дәрігерім жанымда болды. Ваннаға жатуды ұсынды, бірақ мен ондай еркелікке бармай-ақ қояйын дедім. Таңғы 8:15-те сұлу ханшайымым дүниеге келді. Сол сәтте бар ауырлық артта қалды», – деп бөлісті ол.

Сондай-ақ блогер қызының есімін де жариялады.

«Үйдегілер таңертең мені іздеп қалған. Телефоным палатада қалғандықтан, клиникаға хабарласып, артымнан келді. Қызымның есімін әкесі Роман қызы Карина деп қойды. Бірақ түрі Ырысбала деген атқа әбден лайық», – деп әзілдеді көпбалалы ана.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары