ШҚО-да тағы да шу: Білім сапасын қадағалайтын басшының былығы ашылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Халықтың ақшасына алып жатыр": Ырысбала Икрамбай сіңлісіне көлік сыйлады

"Халықтың ақшасына алып жатыр": Ырысбала Икрамбай сіңлісіне көлік сыйлады

Танымал блогер Ырысбала Икрамбай сіңлісіне көлік сыйлады. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Желі жұлдызы қуанышты жаңалықты жеке парақшасында бөлісті. 

“Менің сіңіліме берекелі көлік болсын. Жолда жаман адамдар жолықпасын. Көлігі бұдан да биіктей берсін. Бірінші жүргізуші куәлігін оқып аласың, содан кейін ғана кілтін береміз. Өзіңе залал келтірсең мейлі. Ал біреудің өміріне залал келтірсең өмір бойы нәлетіне қаласың", – деді блогер. 

Алайда желі қолданушылары жаңалыққа қуана қоймады. Қайырымдылықтан жиналған ақша екенін болжап жатыр. 

“Ырысбаланы да тексеру керек”, “Халықтың ақшасына қуантып жатыр”, “Перизаттың тағдырын қайталап жүрмесін”, – деп жазды көпшілік.

Көп ұзамай блогердің сіңлісі Балнұр мәлімдеме жасады. 

“Жарты суммасын өзім жинадым. Қол мен аяғым сау, жұмыс істейтін шығармыз. 30-40 миллион теңгенің машинасы емес қой, қайдан келген ақша дейтіндей. Сәл диваннан тұрып қимылдасаң сенде де болады”, – деп жауап берді. 

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.