«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Таңдау жасадық": Министр Саясат Нұрбек дауыс беруге жұбайымен бірге келді

"Таңдау жасадық": Министр Саясат Нұрбек дауыс беруге жұбайымен бірге келді

Бүгін Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр. Дауыс беруге келген шенеуніктер қатарында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек те бар, деп жазады Kznews.kz тілшісі.

Министр дауыс беруге әйелімен бірге келіп, Facebook парақшасында жазба қалдырды. "Бүгін ел қатарлы сайлау учаскесіне барып, жұбайым екеуміз дауысымызды бердік. Ел ертеңі үшін өз таңдауымызды жасадық. Себебі сайлауда әркімнің дауысы маңызды деп есептеймін. Туған еліміз - Қазақстанымыздың ішкі мәселелерін сырттан ешкім шешпейтінін, мемлекетімізді бізден басқа ешкім дамыта алмайтынын мойындайық. Барлығы өз қолымызда. Өз елінің саналы, кемел, белсенді азаматы болу – нағыз патриотизмнің көрсеткіші. Бұл үлкен жауапкершілік", - дейді Саясат Нұрбек. Айта кетейік, Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сағат 14:05-тегі жағдай бойынша ел азаматтарының 51,16 пайызы дауыс берген.

Автор
Нұрсұлтан