Болат Ақшолақов Атырау облысының әкімі болып тағайындалды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«Таң ата қиын жерлерді сөндіруге кірісті»: «Семей орманындағы» өртке қатысты соңғы мәлімет

«Таң ата қиын жерлерді сөндіруге кірісті»: «Семей орманындағы» өртке қатысты соңғы мәлімет
Фото: Экология министрлігі

Қазір орман ортын 750-ден астам адам сөндіріп жатыр

Бүгін, 17 шілде күні таң ата өрт сөндірушілер «Семей орманындағы» қиын жерлерге қарай бет алып, жалынды ауыздықтай бастады, деп хабарлайды Kznews.kz 

Экология министрлігінің мәліметінше, өрт сөндірушілер түнде көз ілмеген.

«Сағат 08:00-дегі жағдай бойынша өртті 769 адам, 191 бірлік жерүсті техникасы және 8 тікұшақ сөндіріп жатырТаң ата, жету қиын жерлерді сөндіру үшін дереу өрттің ішкі жағына жаяу десант аттанды», - деп хабарлайды экология министрлігі.

Соңғы жағдай туралы толық ақпарат алу үшін экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев пен Абай облысының әкімі Берік Уәли тікұшаққа мініп, өрт аумағын қарап шыққан.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.