БАҚ бәсекесі: медиа оқырманға бармаса, оқырман медиаға келмейді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«Семей орманындағы» өрт: Үкіметтің жедел әрекеті мен үйлесімді жұмысының арқасында өрт сөндіру шаралары күшейтілді

«Семей орманындағы» өрт: Үкіметтің жедел әрекеті мен үйлесімді жұмысының арқасында өрт сөндіру шаралары күшейтілді

2026 жылғы 16 шілдеде «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында орман өртін сөндіру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды kznews.kz.

Сағат 14:50-дегі жағдай бойынша, өртті ауыздықтауға резерваттың мемлекеттік орман күзетінің 97 қызметкері мен 38 бірлік техникасы, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің 158 қызметкері мен 22 бірлік техникасы, сондай-ақ ҚР Ішкі істер министрлігінің 101 қызметкері мен 25 бірлік техникасы жұмылдырылды. Бұған қоса, «Қазавиаорманқорғау» РМҚК-ның екі тікұшағы, ҚР Қорғаныс министрлігінің Ми-17 тікұшағы және ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ми-8 тікұшағы тартылды.

Әуе техникасымен жалпы саны 82 рет су төгу жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде «Қазавиаорманқорғау» РМҚК тікұшақтары — 58 рет, Қорғаныс министрлігінің Ми-17 тікұшағы — 19 рет, ал ҰҚК-нің Ми-8 тікұшағы 5 рет су төгу жұмыстарын орындады.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің аумағы шамамен 60 гектарды құрайды. Өрт қарағайлы орман алқабында басталған, қазіргі уақытта кей жерлерде төменгі өрт жоғарғы өртке ұласуда.

Қазіргі сәтте өртті оқшаулау және толық сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Жағдай Қазақстан Премьер-министрінің жеке бақылауында. Жұмылдырылған барлық мемлекеттік органдардың басшылары оған сағат сайын ахуал, өртті сөндіру барысы, тартылған күштер мен қабылданып жатқан шаралар туралы баяндайды. Бұл қажет болған жағдайда өрт сөндірушілер тобын күшейту, техника тарту және барлық қызметтердің іс-қимылын үйлестіру бойынша қосымша шешімдерді жедел қабылдауға мүмкіндік береді.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.