KZNews.kz
Қоғам

Талғарда Хасан Қасымбаев пен сыбайластарына қатысты сот басталды

Ayzhan Sylanova
Фото: әлеуметтік желіден

Сотта айыпталушылар мен жәбірленушілер БАҚ өкілдерінің қатысуына қарсылық білдірді. Алайда судья тараптардың пікірін ескере отырып, журналистерге сот процесіне қатысуға рұқсат берді, бірақ айыпталушыларды түсіруге тыйым салды. Келесі сот отырысы 22 тамыз күні сағат 10:00-де өтеді.

Еске сала кетсек, 2024 жылдың 4 қарашасында әлеуметтік желілерде Талғарда Хасан Қасымбаевтың ұсталғаны туралы ақпарат тараған. Ол «Хуторские» деп аталатын ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі болуы мүмкін екені айтылған.

Сондай-ақ 2024 жылдың 4 қазан түні Талғар ауданында 16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне байланысты шу шыққан еді. Жәбірленушінің ата-анасы баланы соққыға жығуға 13 адамның қатысы барын мәлімдеген. Олар қылмыстық топтың мүшелері болуы ықтимал. Оқиғадан кейін, 12 қазанға қараған түні Шерзаттың отбасы тұратын үй өртеніп, іс бойынша қылмыстық іс қозғалды. Генпрокуратура тергеуді бақылауына алды, ал әкімдік үйді қалпына келтіруге көмектесуге уәде берген.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары