Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Хасан Қасымбаев Жан Ахмадиевтің үстінен арыз жазғаны белгілі болды

Хасан Қасымбаев Жан Ахмадиевтің үстінен арыз жазғаны белгілі болды
Фото: ашық дереккөз

Бұл ақпаратты журналист Жан Ахмадиев әлеуметтік желідегі жазбасында хабарлады, деп хабарлайды kznews.kz.

Оның айтуынша, ол Хасан Қасымбаевқа жала жаппаған, тек қоғамда талқыланып жүрген мәселелерді ғана көтергенін айтады.

«Хасан Қасымбаев менің үстімнен арыз жазыпты. Шындықтан қашқандардың әдеті осы емес пе? Ал енді сұрақ — оның мақсаты қандай?», – деп жазды Ж. Ахмадиев.

Журналист арыздан қорықпайтынын да жасырмады. Ол өз пікірін жалғастырып, шындықты айту — қоғам алдындағы азаматтық міндет екенін, ал жазылған шағымның өзіне «ешқандай әсер етпейтінін» атап өтті.

Ахмадиевтің пікірінше, бұл жағдай қоғамда ашық талқыланып жатқан мәселелерге байланысты болуы мүмкін, сондықтан ол өз сөзін дәлелдеуге дайын екенін де меңзеді.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.