Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Хасан Қасымбаев соты: судьяны ауыстыру туралы өтініш қанағаттандырылмады

Хасан Қасымбаев соты: судьяны ауыстыру туралы өтініш қанағаттандырылмады

Талғар аудандық сотында Хасан Қасымбаев және өзге 5 айыпталушыға қатысты кезекті сот отырысы өтіп жатыр.

Бүгінгі сот отырыста айыпталушылардың адвокаты Айдынғали Табылдыев судья Айнагүл Тұқыбаеваны ауыстыру туралы өтініш білдірді. Алайда үзілістен кейін сот бұл өтінішті қанағаттандырудан бас тартты.

Сондай-ақ сот отырысы жәбірленушілердің бірі — кәсіпкер Әріпжан Тәжиевтің қатысуынсыз өтіп жатыр. Осыған байланысты айыпталушылардың адвокаттары оны келуге міндеттеп, сұрақ-жауап алу үшін сотқа шақыру туралы өтініш жасады. Хасан Қасымбаевтың адвокаты Ерлан Мендешев журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, Тәжиевтің сот отырысына екінші рет қатыспағанын атап өтті. Оның айтуынша, кәсіпкер айыпталушыларға жалған жала жапқан.

Еске салайық, Хасан Қасымбаевпен бірге айыпталушылар орындығында Руслан Әлиев, Мадияр Қалимжанов, Сайлау Ақжанов, Нұрмұхаммет Сұлтанбеков, Данияр Асқаров отыр.

Бұған дейін айыпталушылардың адвокаттары прокурорды ауыстыруды өтінді.

Алдыңғы сот отырысы кезінде жәбірленуші – фитнес-жаттықтырушы өзін қалай ұрлап кетіп, ұрып-соққанын айтып берді.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.