Қазақстан экономикасы төрт айда 3,6%-ға өсті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Әкесінің бейітіне барған жігітті пышақтап тастаған

Әкесінің бейітіне барған жігітті пышақтап тастаған
Фото: ашық дереккөз

Алматы облысының Талғар ауданындағы Нұра ауылында 24 жастағы жігіт пышақ жарақатынан көз жұмды, деп хабарлайды kznews.kz.

Қайғылы оқиға 11 мамыр күні болған. Марқұм інісімен бірге түнде әкесінің қабіріне барып, Құран оқып қайтқан. Зираттан шыққан кезде жолды есігі ашық тұрған көлік бөгеп тұрғаны айтылды. Көлікте отырған үш жігітпен арада жанжал туындаған.

Туыстарының сөзінше, кейін әлгі азаматтар ағайындылардың соңынан еріп барып, үй маңында тағы жанжал шыққан. Сол кезде күдіктілердің бірі 24 жастағы жігітке пышақпен екі рет соққы жасаған. Ауыр жараланған азамат ауруханада қайтыс болды.

Алматы облыстық полиция департаменті аталған факті бойынша кісі өлтіру және бұзақылық баптарымен қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта марқұмның үш ауылдасы күдікті ретінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Полиция дерегінше, өлімге себеп болған пышақ жарақатын салды деген күдікті 20 жаста. Марқұмның артында екі кішкентай қызы қалды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.