Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Талғар ауданында Калинин ескерткішін құлатты

Талғар ауданында Калинин ескерткішін құлатты

15 маусымда Алматы облысы Талғар ауданы Тұзбыбастау елді мекенінде советтік-коммунистік доктрина тұлғаларының бірі Михаил Калининге орнатылған ескерткіштің бірі құлатылды.

Оқиға орнында жүрген Азаттық тілшісінің хабарлауынша, "Желтоқсан ақиқаты" ұйымының өкілдері әуелі ауылға кіре беріс жердегі Алматы - Талғар күре жолының бойына орнатылған Калинин ескерткішін құлатқан. Кейінірек ауылдың мәдениет үйінің маңындағы ескерткішті құлатуға барған. Екі ескерткіш те тастан жасалған. Шараға 30-ға жуық ұйым өкілдері, ауыл тұрғындары жиналған.

Ақпарат бойынша, бұл ескерткіштер 2003 жылдан бері мемлекет қарауындағы ескерткіштер тізімінен алынған. Бірақ жылдар бойы орнынан алынбай келген.

Қарай отырыңыз: Тұғырынан түспеген большевиктер ескерткіші (31 мамыр 2019 жыл).


Azattyq
Автор
Арман